DataLife Engine > Жаңалықтар > «Біз бақытты балдырған» атты мерекелік шара өткізілді.

«Біз бақытты балдырған» атты мерекелік шара өткізілді.


13-04-2016, 15:32
Автор: akbota

     2016 жылдың 13-сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар бөлімінде «Біз бақытты балдырған» аттымерекелік шара өткізілді.

     Іс-шараның басты мақсаты – балаларымыздың бойына халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, өнегелі қасиеттерін сіңіре отырып, әдептілікке, шабыттылыққа, имандылыққа, Отанын сүюге, туған еліне деген сүйіспен-шілігін арттырып, интеллектуалды шығармашылық қабілеттерін дамыту.

     Шара барысында кітапхана қызметкерлері балаларға арналған «Білімпаздар сайысы» атты қызықты викториналық ойындар ұйымдастырды.

    Мерекелік шараға №264 мектеп-лицей, №7 орта мектеп және де №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті, әннен шашу шашты.

      Шара соңында оқушылар көргендері жайында өзара пікір алмасты.

 

 

 

 

 


 

 



Вернуться назад