DataLife Engine > Жаңалықтар > "Бір ел-бір кітап"республикалық акциясы аясында өтетін Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" әдеби подиум

"Бір ел-бір кітап"республикалық акциясы аясында өтетін Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" әдеби подиум


22-04-2016, 18:22
Автор: akbota

       2016 жылдың 22 сәуір күні сағ. 10-00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторында «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында өтетін Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" әдеби подиум ұйымдастырды.

      Дулат Бабатайұлы– ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі, халқымыздың басына қара бұлт төніп, жерімізді отарлау саясаты басталғанда ұлт-азаттық қозғалысын жалпыұлттық сыпатта бірінші болып қозғаған ақын. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1880 жылы Қазан қаласында "Өсиетнама" деген атпен жарыққа шыққан. Ақын өлеңдерінің тілі суретті, көркемдігі терең, тәрбиелік мәні зор.

   Зар заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз –Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" кітабыжыл бойы оқылатын болды. Әдеби подиумда «Жауқазын-ғұмыр » клуб мүшелері өсиеттерді оқып, ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету,рухани мұрамызды сақтау,жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеуге үлес қосты .

     Барша оқырмандарды Дулат Бабатайұлының шығармаларын оқуға шақырамыз!

 

 

 

 


 



Вернуться назад