«Суицид – қасіреттің қара түнегі» пікірталас
2016 жылдың 18 сәуір күні Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінде «Суицид – қасіреттің қара түнегі» атты жастар арасында пікірталас ұйымдастырылды.
Мақсаты: жастарды имандылыққа, мұсылмандыққа, жат қылықтардан аулақ болуға, өмірдің қиын мәселелерін шеше білуге, жақын жүрген жолдастарына көмектесе білуге тәрбиелеу.
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) есебі бойынша, өзіне-өзі қол салудан Қазақстан үшінші орынды иеленіп тұр.
Өзіне – өзі қол жұмсаудың қазіргі таңда 80-ге жуық тәсілі анықталып отыр. Әлемде кең тараған түрлері: асылу, суға кету, улану, биік жерден секіру, қару қолдану.
Пікірталас аясында «Суицид-тығырықтан шығар жол емес» тақырыбында жастарға мағыналы да мазмұнды бейне ролик көрсетілді. «Сиқырлы қалам» тренингі ұйымдастырылып, жастар өз ойларын ортаға салды.
Іс – шара соңында студенттерге «Суицид – қасіреттің қара түнегі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Вернуться назад