DataLife Engine > Жаңалықтар > «Отаным –бақыт ордасы» патриоттық кеш

«Отаным –бақыт ордасы» патриоттық кеш


24-05-2016, 17:00
Автор: akbota

    2016 жылдың 24 мамыр күні сағ. 11-00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторы Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесе отырып әскер қатарына шақырылушы жастарға «Отаным - бақыт ордасы» атты патриоттық кеш ұйымдастырды.

  Ғасырлар бойы ел тәуелсіздігін аңсап, ұлан ғайыр жерімізді бүгінгі ұрпаққа аманаттаған батыр бабаларымыздың отанымызды қорғау жолындағы абыройлы ісін әрі қарай жалғастыратын жауынгерлерге үлкен міндет жүктеп отыр.

   Кешті Ауған соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз», 3-ші дәрежелі «За службу Родине», Америка Құрама Штатының «Орден Почетного Легиона» ордендерінің иегері, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы генерал-майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы ашып берді.

    Іс-шара барысында «Сарбаздар өмірінен» атты бейнеролик көрсетілді. Департамент бастығының орынбасары Махамбет Мұхарбек Жәкейұлы мен баспасөз қызметінің бастығы Шағырбаева Ақерке өз тілектерін білдірді.

Әскер қатарына шақырылушы жастар «Жауқазын - ғұмыр» клубының мүшелерінің дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

    Кеш соңында «Отанды қорғау – ортақ парыз» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.


 

 


Вернуться назад