DataLife Engine > Жаңалықтар > «Әрқашан күн сөнбесін»-мереке

«Әрқашан күн сөнбесін»-мереке


1-06-2016, 16:02
Автор: akbota

   Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі. Сондықтан да ол халықаралық мейрамдардың бірі саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.

   Жаздың бірінші күніне дәл келетін халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылдан бастап тойланып келеді. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.

   Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 1 маусым күні «Әрқашан күн сөнбесін атты мерекелік шара ұйымдастырды.

    Мақсаты: Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін бала бойында сезіндіру, жеке тұлға қабілетін дамыту, өмірге дайындау, рухани азық беріп, болашаққа деген сенімдерін арттыру, баланың болашақ өмірін қалыптастыру, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

    Мерекеге №4 С.Сейфуллин, №12 І.Қабылов атындағы, №101,№140, №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептердің, №264 мектеп-лицейдің оқушылары, «Ләйлім» балабақшасының бүлдіршіндері, «Рауан» шығармашылық клубының белсенді мүшелері қатысып, туған жер, бақытты балалық шақ, достық, татулық туралы өлеңдерді жатқа айтып, ән шырқап, би билеп шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. Балалар «Тапқыр болсаң тауып көр» атты көрермендерге арналған викториналық сұрақтарға жауап берді. Кітапхананың балғын оқырмандары орыс халқының ертегісі «Бауырсақты»сахналады.

   Мерекелік шараны қала мектептерінің жазғы лагерлеріндегі балалар, кітапхананың белсенді оқырмандары, ата-аналар, ұстаздар тамашалады.

   Кітапхананың аванзалында «Әрқашан күн сөнбесін» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.


 

 

 

 

 


 

 


Вернуться назад