DataLife Engine > Жаңалықтар > «Отбасы, кітап, ғаламтор» ( « Рауан» клубының қорытынды отырысы )

«Отбасы, кітап, ғаламтор» ( « Рауан» клубының қорытынды отырысы )


13-12-2016, 16:50
Автор: akbota

   2016 жылы 13 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындығы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің жанынан ашылған « Рауан» клубының қорытынды отырысы болып өтті.

  «Рауан» клубының белсенді мүшелері қатысты. Олар:№23 мектеп- лицей кітапханашысы Т. Когай, №12 І. Қабылов атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г. Кунтуова, №187 М. Шоқай атындағы орта мектептің кітапханашысы Ж. Рахменова ,«Шынар» балабақшасының әдіскері Ш. Оразбаева, «Саулет Нұрайы» балабақшасының тәрбиешісі Л. Подковкина , №264 мектеп лицейдің мұғалімі М. Рахметова.

  №233 орта мектептің ән сабағының мұғалімі Н. Шамаханова, №140 орта мектептің кітапханашысы Ш. Байжанова , №233орта мектептің мұғалімі О.Митина. Отырыстың тақырыбы «Отбасы, кітап, ғаламтор». Кітап – адам өміріндегі ең қажетті құндылық және ондағы білімді заман талабына сай жүйе арқылы бойымызға сіңіріп, сол арқылы өз-өзімізді тәрбиелей аламыз. Әрине, ғаламтор – заман талабы, ал кітап – біздің рухани байлығымыз, сондықтан көп кітап оқып кітапхананың жанашыр досы болайық деген пікірлер айтылды. Отырыстын сонында келген қонақтар , алғыс хаттармен марапатталды.

 

 


 



Вернуться назад