DataLife Engine > Жаңалықтар > «Дүниежүзілік Универсиада – дүбірлі дода» (тақырыптық суретті көрме)

«Дүниежүзілік Универсиада – дүбірлі дода» (тақырыптық суретті көрме)


20-01-2017, 12:36
Автор: akbota

    2017 жылдың 19 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар секторы «Дүниежүзілік Универсиада – дүбірлі дода» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

     Кітап көрмесі 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өткізілетін XXVIII қысқы дүниежүзілік универсиада аясында жасалды.

    Универсиада— дүниежүзілік студенттік спорт ойындары.Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (ағылш.International University Sports Federation (FISU)) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.

    Көрмеге Спорт әлемі, Қазақстан – спортшылар елі, Намыс сардары, Спорт – ғұмыр, Әлемдік және ұлттық спорт ойындары атты әдебиеттер және дүниежүзілік универсиаданың шығу тарихы, ойындар өткен қалалар туралы мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар мен фотосуреттер қойылды. Аталған көрмеге оқырмандар арасында сұхбат – саяхат жүргізілді.

 

 

 


 


Вернуться назад