«Кітаптар қалашығы» /саяхат/
25-01-2017, 16:22
Автор: akbota
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиет бөлімі 25 қантар күні «Кітаптар қалашығы» саяхатын өткізді.
Кітапханаға №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің оқушылары қонаққа келді. Саяхат барысында оқушылар кітапхана бөлімдерімен танысып, «Тәуелсіздік залы», «Әбділда Тәжібаев» мұражайларын тамашалады. «Балдырған» залында оқушылармен «Ертегілер әлемінде» атты ойын-викторина өткізіліп, қызықты, көркем суретті кітаптарды тамашалады.
Вернуться назад