DataLife Engine > Жаңалықтар > «Бағбан» клубы

«Бағбан» клубы


27-01-2017, 19:12
Автор: akbota

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ауылшаруашылық әдебиеттер және техникалық әдебиеттер бөлімінде «Бағбан» кітапханалық клубы өз жұмысын бастады. Клубтың ашылуына арналған шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Ж.Әбілдаева, биология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т.Байкенжева, аға оқытушы Б.Қ.Байжанова, инженерлік-технологиялық факультетінің «Аграрлық технологиялар» кафедрасына қарасты «Жасыл алаң» үйірмесінің мүшелері, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушылары Н.Жүсіпова, Т. Лепесова сонымен бірге бағбаншылықпен айналысатын зейнеткерлер қатысты.

     Қатысушылар саяжай мен бау-бақшаны, күтіп-баптаудың және жақсыөнімалу амалдары жайлы ой-пікірлерін ортаға салып, жыл бойы клубта атқарылатын жұмыстардың жоспарымен танысты.

     «Бабын тап та бақ өсір» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. 

    Шараға қатысушыларға «Самодельные подделки для сада и дачи из пластиковых бутылок своими руками» атты бейне ролик ұсынылды.

 

 

 

 

 

 


 

 


Вернуться назад