DataLife Engine > Жаңалықтар > «Дидар» ақпараттық клубының ашылу салтанаты.«Алаш идеясы және ұлттық идея»

«Дидар» ақпараттық клубының ашылу салтанаты.«Алаш идеясы және ұлттық идея»


8-02-2017, 10:52
Автор: akbota

    2017 жылдың 7 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар секторында «Дидар» ақпараттық клубының ашылу салтанаты өтті.

    «Дидар» ақпараттық клубының алға қойған мақсаты - мерзімді басылымдар секторының тұрақты аға буын оқырмандары мен жастар арасындағы ақпарат алмасу, басылымдардағы тың мақалаларды сөз талқыға салу, ақпарат көздеріне жедел талдау жасау, рухани және зияткерлік тәжірибелері тұрғысынан ақыл-кеңес беру, тренингтер ұйымдастыру, жоспарға сай бірлесе кештер өткізу.Жастардың мерзімді басылымдарды оқуға деген қызығушылығын арттыру. Білімге құштарлығын ояту, жаңа Қазақстанның патриотын қалыптастыру. Көпшілік алдында сөйлеу мен тілдесу дағдысын қалыптастыру.Тұлғаның өздігінен білім алу және шығармашылық қабілетін қалыптастыруды насихаттау.

    Ұранды ұлтымыздың 2017 жылы атап өтер елеулі оқиға – Алаш партиясының 100 жылдығы. Осы даталы күнге орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы клуб мүшелерімен «Алаш» партиясына 100 жыл толуына орай «Алаш идеясы – ұлттық идея» атты дөңгелек стол ұйымдастырды.

    Шараға Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушылары, «Жас Отан жастар қанатының» мүшелері, кітапхананың тұрақты оқырмандары, БАҚ өкілдері және студент жастар қатысты.

    Шара барысында мың өліп, мың тірілген қазақ осыдан бір ғасыр бұрын ұлт-азаттық майданына шығып бас біріктіргенін, «Алаш» саяси партиясы құрылғанын, «Алашорда үкіметі жасақталғанын, «Ұлт Кеңесі» сайланғанын, қазақ топырағында тұңғыш толыққанды ұлттық мемлекеттің шаңырағын көтеруге ұмтылыс жасалғаны туралы көптеген тарихи мәліметтермен бөлісті.

     Шара соңында «Алаш идеясы және Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды.


 

 

 

 


 



Вернуться назад