DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жауқазын – ғұмыр» Доңгелек үстел

«Жауқазын – ғұмыр» Доңгелек үстел


16-02-2017, 17:16
Автор: akbota

    2017 жылдың 15 ақпан күні сағат 15.00 де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторында «Жауқазын – ғұмыр» шығармашылық клубы дөңгелек үстел ұйымдастырды.

   Клубтың мақсаты: Қызылорда қаласындағы жас ақын-жазушылардың шығармашылық деңгейін көтеруге, рухани-әдеби ортаның қалыптасуына, жас дарындардың жаңа көзқарастарын дамытуға жағдай жасау. Кітапхана мен оқырманды, оқырман мен автордың арасын жақындастыру. Жас ақындарды еліміздің белгілі тұлғаларымен еркін пікір алысуына мүмкіндік туғызу, оқырмандармен шығармашылық кештер,кездесулер ұйымдастыру.

    Отырыс барысында 2017 жылы жоспарланған жұмыс талқыланып, клуб мүшелерінің арасында атқаратын жұмыстары бөлінді.

2017 жыл – барша қазақстандықтар үшін ерекше жыл болғалы тұр. Өйткені биыл біздің егемен еліміз, Тәуелсіз мемлекетіміз тұңғыш рет 166 жылдық тарихы бар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу құқығына ие болып отыр.Осыған орай клуб аясында жоспарланған жұмыстарға белсене қатысып , әр оқырман өз үлесін қосу керектігі туралы айтылды.

   «Жауқазын – ғұмыр» шығармашылық клубының отырысында «Жас толқын» атты жарық көретін клуб мүшелерінің жыр жинағына енетін өлеңдерды іріктеліп, оқып талқылады.

    Сонымен қоса жаңадан келген оқырмандар арасынан іріктеліп «Жауқазын ғұмыр» клубына жас ақын – жазушылар, талантты жастар қатарымызға қосылды.


 

 

 

 

 

 


 


Вернуться назад