DataLife Engine > Жаңалықтар > Кел,оқырман оқиық! Медиатаным

Кел,оқырман оқиық! Медиатаным


28-02-2017, 18:16
Автор: akbota

    2017 жылдың 24 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында оқырмандар арасында «Кел, оқырман оқиық!» атты медиатаным ұйымдастырылды.

  Шараның мақсаты: мерзімді басылымдар залына келіп түсетін әр түрлі басылымдармен таныстыру және қызықты, маңызды мағлұматтарды оқырмандарға насихаттау.

    Шараға Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ә.Наурызбаева және №19-16 оқу тобы қатысты.

  Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға мерзімді басылымдар залына келіп түсетін халқымыздың салт–дәстүрін кеңінен насихаттайтын ұлттық-этнографиялық басылым «Дәстүр», Қазақстан театр қайраткерлері одағының Республикалық театртанымдық әдеби-көркем «Театр КZ», денсаулықтың құпия сырларын ашатын Республикалық педагогикалық әдістемелік «Валеология. Салауатты өмір салты» және National Geographic қоғамының ресми басылымы, төрткүл дүниедегі алуан-түрлі оқиғалар мен тылсым дүниелерді сипаттайтын «National Geographic Қазақстан» журналдарын кеңінен таныстырып, журнал беттеріне жарық көрген қызықты айдарлармен бөлісті.


 

 

 


 


Вернуться назад