DataLife Engine > Жаңалықтар > «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» /Халықаралық балалар кітабы күніне арналған/

«Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» /Халықаралық балалар кітабы күніне арналған/


1-04-2017, 07:21
Автор: akbota

   1-сәуір күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты кітап көрмесін жасап , кітап әлеміне саяхат өткізді.

    Көрме бес бөлімнен құрылды: «Қазақстан жазушылары балаларға», «Әлем балалар әдебиеті», «Ең ақылды кітаптар», «Оқимыз –ойнаймыз», «Сиқырлы ертегілер».

    Кітап көрме әйгілі ертекші Ханс Кристиан Андерсеннің шығармаларынан бастау алды. «Қазақстан жазушылары балаларға» атты бөлімі «Балалар әдебиетінің алтын қоры» сериясымен шыққан қазақ балалар әдебиеті классиктерінің ең үздік туындыларын ұсынды.

   Кішкентай оқырман қауымға арналған М.Әлімбаевтың өлеңдері, тақпақтары, жұмбақтары мен жаңылтпаштары енген Алматы: «Раритет» баспасымен шыққан «Балдәурен» кітабы.

    Халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, ақыл – ойшысы, қоғам қайраткері Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ», Өлеңдер, әңгімелер, очерктер, хаттар енген жинағы және осы бөлімде тағы басқа әдебиеттер қойылды.

   «Әлем балалар әдебиеті» бөлімінде есімдері дүниежүзіне әйгілі, әлемдік балалар классиктері Корней Чуковский мен Агния Бартоның өлеңдері мен дастандары енген « Балауса» баспадан шыққан кітабы қойылды.

   Рухани әлемінің қайнар бұлағының бірі ол ертегілер. Ертегілер халықтың үміт- тілегінен, аңсар-арманынан, ұшқыр қиялынан туған. Әлем ертегілерді құрастырған Оразақын Асқардың «Балауса» баспадан шыққан «Әлем халықтарының ертегілері» оқушылар назарына ұсынылды.

    Көрменің қызықты, тартымды бөлімі «Ең ақылды кітаптар» болды. Бұл бөлімге көркем тілмен қысқа әрі нұсқа жазылған, балалардың 100 мың неге деген сұрағына жауап беретін, түрлі-түсті анықтамалар қойылды.

    Бүлдіршіндердің қызығушылық танытқан «Оқимыз – ойнаймыз», «Сиқырлы ертегілер» бөлімдері болды. Бұл бөлімде сөйлейтін ойыншық кітаптар, ертегілер қойылды.

    Көрмеге мектеп пен қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының оқушылары қатысып, ұсынылған әдебиеттермен таныса отырып , өздеріне қажетті қызықты мағұлмат алды.


 



Вернуться назад