DataLife Engine > Жаңалықтар > «Саусағынан бал тамған»

«Саусағынан бал тамған»


5-04-2017, 18:44
Автор: akbota

    Балабақшаның бүлдіршіндеріне ермексазбен жұмыс істеудің әдіс- тәсілімен таныстыру, мүсінді құрастыру арқылы ой өрісін, шеберлік өнерін дамыту мақсатында 5 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Саусағынан бал тамған» тақырыбында шеберлік сағатын ұйымдастырды. Ермексазбен жұмыс жасауға қаламыздағы «Ералаш» балабақшасының «Інжу» тобының бүлдіршіндері қатысты. Жұмыс соңында әр баланың жасаған еңбегі бағаланып, сыйлықтар берілді. Бүлдіршіндерге көркем суретті, сөйлейтін кітаптарды таныстырып, қазақ ертегілерін оқып берді.


 

 

 

 

 



Вернуться назад