DataLife Engine > Жаңалықтар > Бүгін бізде мереке

Бүгін бізде мереке


28-04-2017, 08:26
Автор: akbota

    Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасау болса, оқырмандардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа баулу мақсатында 2017 жылдың 28 сәуірінде Абылайхан атындағы колледжінде «Жаухазын – Ғұмыр» шығармашылық клубының ұйымдастыруымен талантты жас, клуб мүшесі, І топ көз мүгедегі Әкімжан Халықовпен кездесу кеші болып өтті.

   Әкімжан 30 наурыз 1998 жылы Қызылорда қаласында туған. 2005-2014 жж Қызылорда қаласының және 2014-2016 жж Шымкент қаласының арнаулы мектеп – интернатында білім алған. Қазіргі уақытта М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің музыка факультетінің сырттай бөлімінде оқиды.

   Жас баланың күн нұрын көрмесе де, өмірге деген қызығушылығы зор. Пародия жасап, өлең оқып, ән салғанда, бүкіл көрерменді баурап әкететін құдіретті бар.

    Кеш соңында «Абылай хан» атындағы колледжінің студенттері өз концерттік бағдарламасын ұсынды.


 

 

 

 

 

 



Вернуться назад