DataLife Engine > Жаңалықтар > «Үздік оқырман бенефисі»

«Үздік оқырман бенефисі»


22-06-2017, 16:03
Автор: akbota

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2017 жылдың 22 маусым күні рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты,ар-ожданы мол еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге тәрбиелеу, қадірлеуге баулу мақсатында абонементтік қамтамасыз ету секторында «Үздік оқырман-2017» бенефисі өткізілді.

   Шараға кітапхананың белсенді оқырманы Байбахтиев Абуталип шақырылды. Ол 1990 жылдан бері кітапхананың тұрақты оқырманы және кітапханада өтетін түрлі іс-шараларға үзбей қатысады. Абуталип мырза сонымен бірге белсенді өмірлік ұстанымдарымен, көңілді мінезімен және жаңа заман жетстіктерін бойына сіңіріп, жаңа тәсілдерді ойластырып жүрген азамат. Тек өткен жылдың ішінде ол 200 ден аса кітап оқып шыққан. Абуталип мырза оқыған кітаптарынан «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд жасалды. Ол өзі оқыған кітаптарынан алған әсерін кеш қонақтарымен бөлісті. Кешке қатысушылар Абуталип мырза туралы өте жақсы пікірлермен бөлісіп, шараның қызықты өтуіне белсенділік танытты. Шара кітап пен кітап оқудың үлкен бір мерекесіне айналды.


 

 

 



Вернуться назад