DataLife Engine > Жаңалықтар > Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел

Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел


28-06-2017, 15:40
Автор: akbota

   2017 жылдың 27 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасыз болашаққа. Бірге!» жобасы негізінде құрылған мобильді топпен кітапхана қызметкерлері арасында кездесу өтті.

   Кездесу барысында мобильді топтың мүшелері: ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Байхожаев Берікбол Ұзақұлы, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Жаркеев Қуаныш Жақсыбайұлы, «Қызылорда облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің заңгері Жұбатқанов Ербол Жүнісұлы және Қызылорда облысы мемлекеттік қызметтерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы директорының орынбасары Насипова Сабира сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні туралы, ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ екендігі туралы келелі пікірлер айтты.

   Осы шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 3 бөлімнен тұратын «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейне ролик көрсетілді.

   Бірінші бөлімге Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі», «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі», «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі», Қ.Мұхтарованың «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті ұйымдастыру» және С.Атаханованың «Азаматтық іс жүргізу құқығы» кітаптары қойылды.

   «Жемқорлық – ғасыр дерті» бөлімінде ҚР Заңы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Е. Алаухановтың «Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практикасы», А.Смағұловтың «Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары» қылмыстарға қылмыстық- құқықтық сипаттама берілген кітаптары ұсынылды.

   Кітап көрмесінің «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ » атты бөлімінде «Заң» Республикалық құқықтық, ғылыми – практикалық журналы, «Заң және Заман» ғылыми –құқықтық журналына және мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар мен баяндамалар қойылған.

 

 

 

 


Вернуться назад