DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ғылым сыры кітапта»

«Ғылым сыры кітапта»


4-07-2017, 19:06
Автор: akbota

   2017 жылдың 4 шілде күні облыстық әмбебап ғылыми кітапхана фойесінде «Ғылым сыры кітапта»атты көрме-кеңес ұйымдастырылды.Оқырман назарына білімнің барлық саласындағы әдебиеттер, тарихи деректер, оқулықтар, ақын- жазушылардын шығармалары, фотоальбомдар ұсынылды. Көрменің мақсаты: оқырмандарға кітап оқуды насихаттау, кітап оқуға шақыру, жаңа әдебиеттермен таныстыру, қызығушылығын арттыру.

   Көрмеге Н.Әліпбековтың «Бизнестті ұйымдастыр»оқулығы , К.Абенованың «Еңбекті қорғау», С.Шарипханованың «Аппатан құтқару жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыру», Е.Умбеткулованың «Ауыл шаруашылығын электірмен жабдықтау», Қ.Ибрагимованың «Қазақ тілі», Қ.Ибрагимованың «Қазақ әдебиеті», А. Сейдімбектың «Шығармалары», С. Құбашевтың «Ел деп соққан жүрегі», Т. Молдағалиевтың «24 томдық тандамалы туындылар жинағы», О.Ысқақовтың «Көргендерім мен көнілдегілерім», М. Мақатаевтың «Тамаша айым - тамызым», А. Алматовтың «Жыр керуені», С. Қорабайдың «Нәрлі тамырлар» т.б. кітаптар ұсынылды.Көрмеге жалпы саны 234 дана кітап қойылды.Көрмемен кітапхана оқырмандары мен кітапханашылар танысып , тамашалады.

 

 


 

 


 

 



Вернуться назад