DataLife Engine > Жаңалықтар > «Үш тұғырлы тіл - мемлекет ертеңі»

«Үш тұғырлы тіл - мемлекет ертеңі»


4-10-2017, 16:25
Автор: akbota

  2017 жылдың 4 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын кеңейту мақсатында «Үш тұғырлы тіл- мемлекет ертеңі» атты пікір-сайыс ұйымдастырды.

  Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария еткен болатын. Қазіргі таңда Елбасы тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы белгілі бір деңгейге жетіп отыр.

  Шараға «Өркениет»колледжі мен «Абылай хан» колледжі студенттері қатысты. Қатысушылар «Үш тұғырлы тіл» саясаты - өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғанын, сондықтан да, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатынына тоқталды. Елімізде «Үш тұғырлы тіл» саясатынан бөлек, әрбір ұлыс өз тілдерін еркін меңгеріп, өз тілдерінде сөйлей алады. Әрбір ұлттың өзінің ана тілдерінде еркін сөйлей алуы Қазақстандық демократияның айқын көрінісі екені және осындай саясат арқасында ғана әлемге танылып, жер жүзінде бейбітшілік үстемдігін жасай аламыз деген пікірлер айтылды.

    Осы мәдени шараға « Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


 

 

 

 

 

 


Вернуться назад