DataLife Engine > Жаңалықтар > «Бабаға құрмет – ұрпаққа міндет» / Халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 240 жыл/

«Бабаға құрмет – ұрпаққа міндет» / Халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 240 жыл/


19-10-2017, 17:39
Автор: akbota

   19 қазан күні Халық батыры, қаһарман баһадүр, ұлт – азаттық қозғалысының қолбасшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдығына орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бабаға құрмет – ұрпаққа міндет» атты тарихи -танымдық сағат ұйымдастырды.

  Халқымыздың қорғаны болған, өмір бойы әділдік үшін күресіп өткен қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы есімін ұлықтау мақсатында өткізілген тарихи-танымдық сағатқа №253 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қ.Тұрдықұлова мен Р.Абдраманова және 8 «Ә» сынып оқушылары қатысып, батырдың тарихи тұлғасы мен қаһармандық бейнесін ашып көрсетіп, оның өмір сүрген дәуіріне қатысты тарихи деректерді ортаға салды.

   Оқушылар «Жаңқожа батыр» жыры мен батырға арналған өлең шумақтарын жатқа оқыды. Шара соңында оқырмандар «Ұлт-азаттық күрестің қаһарманы» атты кітап көрмесін тамашалады.


 

 

 

 

 

 


 


Вернуться назад