DataLife Engine > Жаңалықтар > «Рауан» клубының отырысы

«Рауан» клубының отырысы


17-11-2017, 17:38
Автор: akbota
     16-қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рауан» шығармашылық интеллектуалдық клубының есеп беру отырысы болып өтті. Отырыста клубтың оқырман-мүшелері 2017 жылғы жұмысты қортындылады. Интеллектуалды  жан-жақты, рухани дамуына ықпал ететін,оқырмандарды тарту бойынша өткізілген іс-шараларға талдау жасады.Клуб жұмысының аясында  дарынды шығармашыл балаларға жан-жақты көмек көрсетілді. Клуб мүшелері өз пікір,ойларын ортаға салды,интеллектуалды шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін, «Рауан» клубының ары қарай атқаратын жұмыстары бойынша ұсыныстар жасады.  Отырыс соңында жас оқырмандарды  біліктілігін байқау, ойлау қабілетін арттыру және сергіту мақсатында «Кім білгір» атты викториналық ойын өткізілді.  Кітап көрмесіндегі жаңа әдебиеттер таныстырылып, оқуға  ұсынылды.

 

 

 

 

 

  

Вернуться назад