DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ертегілер – бізде қонақта»

«Ертегілер – бізде қонақта»


24-11-2017, 12:31
Автор: akbota

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  24 қараша күні мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, рухани дамуына және қоғамдағы орнын табуына көмек көрсету мақсатында «Ертегілер – бізде қонақта» атты қайырымдылық шарасы  өткізілді.

    Мәдени шарада балаларға қуаныш сыйлауға №144 С. Әлжіков атындағы орта мектебінің  жоғары сынып оқушылары ән мен жырдан шашу шашып, әлем халық ертегілерінен  қойылымдар  қойды.

    Талсуат елді мекеніндегі психоневрологиялық диспансері, қаламыздағы №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты, №7 Арнайы түзету мектеп-интернаты тәрбиеленушілері  қатысып,  қойылымды тамашалады және олар да өз өнерлерін көрсетіп, ән салды және би биледі. Мәдени шара өте тартымды, қызықты болып өтті.










 

Вернуться назад