DataLife Engine > Жаңалықтар > “Новый год в Книжкином Царстве, Мудром государстве»

“Новый год в Книжкином Царстве, Мудром государстве»


26-12-2017, 19:15
Автор: akbota

     26 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балалардың мерекелік көңіл-күйін тудыру, достық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында жаңа жыл мерекесін асыға күткен «Ералаш» балалар бақшасының бүлдіршіндері “Новый год в Книжкином Царстве, Мудром государстве» атты мерекелік ертеңгілікке қонаққа келді.

     Жасыл шырша жанында жүздері қуаныштан бал-бұл жанған балалар жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен мерекелік қойылымға атсалысып, ән шырқап, би билеп өз өнерлерін ортаға салды.Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер кітапханашылар дайындаған түрлі ойындарға қатысып сыйлықтар алды.









 

Вернуться назад