«Оқы» деп шақырады»
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына көмек ретінде, балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, ерте жастан кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында қаланың мектепке дейінгі мекемелерімен тұрақты түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып, өзара ынтымақтастықпен жұмыс жүргізіп келеді.
Осыған орай 26 қаңтар күні «Оқы» деп шақырады!» тақырыбында «Ырыс» балалар бақшасында кезекті шара өткізілді. Кітапханашылар балалардың ата-аналарымен баланы ерте жастан кітап оқуға қызықтырудың жолдары және оқудың пайдасы жайлы әңгіме жүргізді, жанұя мүшелерінің басын қосуға бағыттайтын, кітаптың мазмұнын түсінуге көмектесетін оқулар мен дидактикалық ойындарды ұйымдастырды.
Вернуться назад