DataLife Engine > Жаңалықтар > «Кеудесі шын ақынның күй сарайы» атты поэзия кеші

«Кеудесі шын ақынның күй сарайы» атты поэзия кеші


7-02-2018, 17:11
Автор: akbota

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жыр дүлділі Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығына арналған «Тәжібаев оқулары» жыл сайын өткізіледі.

  7 ақпан күні «Тәжібаев оқулары»  аясында   «Кеудесі шын ақынның күй сарайы» атты поэзия  кешін ұйымдастырды.

Сырдың толағай ақыны Әбділда Тәжібаев туралы мағлұмат  беру, дарынды жерлес ақынымыздың өрісті ой, өшпес көркем мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, отаншылдыққа, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында №11мектеп-лицейінің 8«А», «Ә», «В»,және №211А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 2«Б»,4 «В», сынып оқушыларымен өткізілген кештің тәрбиелік мәні зор болды.   Оқушылар Әбділда атамыздың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдерін жатқа  оқып, ақынның өлеңдеріне жазылған, туған жер Отан туралы әндер шырқады.

   Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді.  Шара соңында  оқушылар «Сырда туған сұңқар ақын» атты кітап көрмесімен танысып, тамашалады.









 

Вернуться назад