DataLife Engine > Жаңалықтар > Хабарландыру!

Хабарландыру!


15-02-2018, 10:03
Автор: akbota

Құрметті оқырмандар!

        Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана әр аптаның жұма күндері сағат 16.00-де «Экран алдындағы кездесулер» айдарымен фильм көрсету ұйымдастырады. Кіру тегін. Келем деушілерге есік ашық.

16 ақпанда қазақ киносының мәртебесін көкке көтеріп, қазақтың кино әлемінде ойып орын алған, өшпестей із қалдырған актер Кененбай Қожабековтің туғанына 90 жыл толуына орай  «Қилы кезеңде» атты фильмді көруге шақырамыз.

       Анонс. 1918 жыл. Қазақстан мен Қытай арасында беймаза қатынас. Комиссар Тоқтар Бәйтенов кішкентай чекисттер отрядын басқарады. Фильм оқиғасы тез өрістейді, бұл әдеттегі «остерн» — шығыс боевигі: атыс, қуғын, сұлу қыздар биі. Рөлдерде:  Ыдырыс Ноғайбаев, Асаналі Әшімов, Әнуарбек Молдабеков, Байдалда Қалтаев, Нұржұман Ықтымбаев, Матан Мұраталиев, Құрманбек Жандарбеков, Кененбай Қожабеков т.б.

                                                                      Өтетін орны: өнер бөлімі, 3 қабат.


Вернуться назад