DataLife Engine > Жаңалықтар > «Көп тіл білгеннің көкжиегі кең» Зияткерлік ойын (Үш тұғырлы тіл)

«Көп тіл білгеннің көкжиегі кең» Зияткерлік ойын (Үш тұғырлы тіл)


15-02-2018, 19:05
Автор: akbota

      Оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын арттырып  ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, озық ойлы болуға баулу, ана тілінің мәртебесін биік ұстап, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 15 ақпан күні «Көп тіл білгеннің көкжиегі  кең» атты зияткерлік ойын өткізілді.

      Ойын-сайыс түрінде ұйымдастырылған шараға №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің 4 «А» сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар «Білгірлер» мен «Алғырлар» тобына бөлініп үш тілде ұйымдастырылған: «Бәйге», «Тіл – өнер», «Кім тапқыр?», «Менің отбасым» атты  сайыстың төрт кезеңінен мүдірмей өтті.

      Зияткерлік ойын «Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы» атты кітап көрмесін тамашалаумен жалғасты.






 

Вернуться назад