DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жүрегім толы мейірім»

«Жүрегім толы мейірім»


29-03-2018, 18:25
Автор: akbota

    29 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  әлеуметтік қорғаусыз балалардың қоғамда бейімделуіне және   мейірімділік, ізгілік, жанашырлық,  қуаныш сыйлау мақсатында «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық акциясы  өткізілді.

Шараға Талсуат елді мекеніндегі психоневрологиялық диспансері, қаламыздағы №7 Арнайы түзету мектеп-интернаты және үйден  әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің  тәрбиеленушілері қатысты.

   Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап  Ы. Алтынсарин атындағы №10 орта мектеп, № 2 «Мұрагер» мектебінің оқушылары мен «Рауан» интеллектуалды шығармашылық клубының мүшелері ән мен жырдан шашу шашып, ертегілерден  қойылымдар  қойды.

    Мерекелік шара соңында балаларға арнайы дайындалған тәттілер үлестірілді.






 

Вернуться назад