DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жүректен жүрекке»

«Жүректен жүрекке»


25-05-2018, 16:38
Автор: akbota

   2018 жылдың 25 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жүректен жүрекке» атты әдеби – музыкалық кеш өтті Мүмкіндігі шектеулі жандарға зейінді ықыласпен көңіл бөлу – өркениетті қоғамның көрсеткіші.

   Әсерлі, тәрбиелік мәні зор кездесудің  мақсаты: Қызылорда қаласының Қазақ соқырлар қоғамының мүшесі Ақмарал Нұрлиеваның  өмірге құштарлығын, мықтылығын, әдебиетке жақындығын, өнерін жастарға   үлгі ету.   Кеш барысында Ақмарал Нұрлиева белгілі композиторлардың әндерін нақышына келтіре орындап, қазақ классиктерінің өлеңдерін жатқа оқыды. Қоғамда болып жатқан жаңалықтардан қалыспай,  үнемі білімін жетілдіріп отыратындығын, басқа да қызықты оқиғаларымен  бөлісті.



 

Вернуться назад