DataLife Engine > Жаңалықтар > «Қырғыз елінен бой көтерген Эверест»

«Қырғыз елінен бой көтерген Эверест»


30-11-2018, 19:11
Автор: akbota

    30 қараша күні Қырғыз елінің халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туғанына  90 жыл толуына орай «Қырғыз елінен бой көтерген Эверест» атты әдеби подиум өткізілді. Мақсаты - Ш.Айтматовтың өмірі мен шығармаларын насихаттау, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, оқырмандарды кітап оқуға, кітапханаға тарту.

    Әдеби подиумға қаламыздағы №264 Т.Есетов атындағы мектеп - лицейінің оқушылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.Жаңабаева, А.Бекжанова қатысты.

    Шара барысында оқушылар жазушының өмір жолы мен шығармашылығымен танысып, оның балаларға арнап жазған «Ақ кеме» повесінен сахналық көрініс қойды.


   



   

Вернуться назад