Құрметті кітапхана пайдаланушылары!
14-01-2019, 19:43
Автор: akbota
2019 жылдың 17 қаңтар күні сағат 10.00-де өнер әдебиеттері бөлімі жанынан ашылған «Арт-студия» негізінде танымал суретшінің туындысынан көшірме жасаудан шеберлік сабағы ұйымдастырылады. Сабақты арт-студия жетекшісі Абуова Баян жүргізеді. Шараның мақсаты – сурет салу өнерінің әдіс-тәсілдерімен, негізгі қағидаларымен таныстыру. Әдемілік пен әсемдікке, ізгілік пен парасаттылыққа тәрбиелеу.
Шеберлік сабағы өнер әдебиеттері бөлімінің залында өткізіледі Келем деушілерге есік ашық.
Вернуться назад