DataLife Engine > Жаңалықтар > «Кітапханадағы туған күн» жобасы аясында

«Кітапханадағы туған күн» жобасы аясында


22-02-2019, 19:23
Автор: akbota

         22 ақпан  күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапханадағы туған күн» жобасы аясында №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің 4 «Б» сынып оқушысы Исабек Нұрайдың туған күні ата-анасы және достарының ортасында өткізілді.

        Шараның мақсаты:   балаларға мәдени демалуды, уақытты мағыналы өткізуді  ұйымдастыра отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріп тұлға болып қалыптасуына және дүниетанымын арттыруға көмектесу.

 Туған күн өткізілетін орын ашық-жарқын түстермен  безендіріліп,   шоу бағдарлама ертегі әлеміндегідей әсем әнмен, мың бұралған бимен ашылды. Мерекелік шара ойын-сауықпен жалғасып, танымдық ойындарға, викториналық сұрақтарды шешуге  ұласты.

Шара соңында туған күн иесіне кітап сыйға берілді, балаларға тәттілер таратылды. Мұндай ерекше туған күн Нұрайдың есінде ұзақ сақталатына  сөзсіз.


 

Вернуться назад