DataLife Engine > Жаңалықтар > Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан

Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан


23-01-2020, 16:55
Автор: akbota

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2020 жылдың 23 қаңтар күні «Дидар» ақпараттық клубы аясында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын зерделеуге арналған  шара өтті.

    Шараның мақсаты – ұлы ақынның қоғамға қалдырған бай мәдени және рухани мұрасын дәріптеп насихаттау. Аталмыш шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты  Бибігүл Қуанышбеккызы  қатысып, мемлекет басшысының мақаласындағы «Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделесі», «Жаңа қоғамның жанашыры»,«Әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Торқалы тойдың тағылымы» атты тарауларға жеке-жеке тоқталып, өз пікірімен бөлісті. Оқырмандар ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқыды.



 

Вернуться назад