«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» кітап көрмесі
14-05-2020, 18:34
Автор: akbota
2020 жылдың 14 мамыр күні Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.
Көрмеге отбасы тәрбиесіне арналған ғылыми-танымдық, педагогикалық, психологиялық отбасы дағдарысына арналған көркем шығармалар қойылды.
Көрмеге қойылған әдебиеттер адамның рухани құндылықтары мен ішкі жан дүниесін байытуға септігін тигізері анық.
Вернуться назад