«Балалардың сүйікті ақыны» атты кітап көрмесі
8-10-2021, 17:06
Автор: akbota
8 қазан күні «Балалар әдебиеті жылы» аясында жергілікті ақын, балалар жазушысы Адырбек Сопыбековтың шығармашылығына арналған «Балалардың сүйікті ақыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: Жас ұрпаққа ақынның шығармашылығын насихаттау, оның өлеңдері арқылы туған жерді сүюге тәрбиелеу, балаларды кітап оқуға тарту.
Жазушының шығармалары: «Көзілдірік», «Шешілген жұмбақ», «Кім қалай ұйықтайды», «Базарлық», «Күншуақ», «Хорасан Ата» оқырман назарына ұсынылды.
Вернуться назад