«Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби кеш
15 қазан күні Қазақтың ұлы ағартушысы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, жазушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін салушылардың бірі Ы. Алтынсариннің туғанына180 жыл толуына орай «Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: Ұлы ағартушының шығармалары арқылы өскелең ұрпаққа адамгершілік пен адалдық қасиеттерін бойларына сіңіре отырып, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Шараға қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы №10, Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицей, К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.Шараға қатысқан балалар Ұлы ұстаздың адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, мәдениет пен өркениет көшіне ілесуге шақыратын өсиет өлеңдерін жатқа оқып, әңгімелері бойынша «Әке мен бала», « Асыл шөп» көрініс қойды.
Шара барысында «Ұлы даланың дара жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының өмір жолы мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді.
Вернуться назад