DataLife Engine > Жаңалықтар > «Тауқымет жаңғырығы» кітап көрмесі

«Тауқымет жаңғырығы» кітап көрмесі


25-08-2021, 17:39
Автор: akbota

      25 тамыз күні Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне арналған Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Тауқымет жаңғырығы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: Полигонның тарихы мен қасіреті және ядролық сынаққа қарсы 1989 жылы құрылған «Невада – Семей» қозғалысының қызметі туралы,  40 жыл бойы Семей ядролық полигонындағы сыналған ядролық және термоядролық жарылыстардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат беру. Аталған көрменің «Ядролық сынақтың ауқымы және оның зардаптары» атты бірінші бөліміне советтік атом бомбасын жасау, алғашқы ядролық сынақ және оның зардаптарын көрсетуге арналды. «Ядролық жарылысқа қарсы Невада-Семей қозғалысы» бөліміне республика аумағындағы атом полигонын жабу, «Невада –Семей» антиядролық қозғалысы, совет-американ бейбітшілік жорығы туралы кітаптар, фотосуреттер, баспасөз мақалалары қойылды. Көрменің «Ядролық әлемге бастаған Қазақстан жолы» тақырыбындағы үшінші бөлімі атом полигонын жабудағы ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың рөлі мен сіңірген еңбегін көрсетуге арналды.

      Көрмеге Елбасы Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі», «Эпицентр мира», белгілі жазушы М.Сәрсекенің «Семей қасіреті», жазушы С. Досжанның «Қасірет пен тағдыр», Е.Байғабылұлының «Ядролық зұлмат», Қ.Бозтаевтың «Семей полигоны: қайнар қасіреті», «Семипалатинский полигон», «29 августа» кітаптары мен көркемсуретті Қазақстан тарихының 4-ші томы т.б. кітаптар қойылды.

 

 

Вернуться назад