DataLife Engine > Жаңалықтар > «Отбасылық оқуды дамыту және балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары» атты облыстық семинар

«Отбасылық оқуды дамыту және балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары» атты облыстық семинар


27-10-2021, 12:29
Автор: akbota

   27 қазанда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Жалағаш аудандық орталық кітапханасында «Отбасылық оқуды дамыту және балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар өтті. Шараның негізгі мақсаты - кітапханашылардың біліктігін жетілдіру, балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау.

   Семинарға  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері, аудандық, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлары және аудан кітапханашылары қатысты. Семинар барысында қатысушылар балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау мәселелері бойынша сөз қозғады. 





 

Вернуться назад