DataLife Engine > Жаңалықтар > «Алғыс айту – парызым» атты танымдық кеш

«Алғыс айту – парызым» атты танымдық кеш


1-03-2021, 17:21
Автор: akbota

   Алғыс айту күні – Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төгіп, қиындықтарды бірге еңсерген барлық отандастарымыздың бір-біріне құрмет білдіретін күні аясында 1 наурыз күні «Алғыс айту – парызым» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.

     Кеш барысында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық айтылып, қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, иық тіреп көмек көрсеткен ата-аналарымызға, дәрігерлерге, құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлерге, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырушы кәсіпкерлер мен еріктілерге алғыс айтылды.

  Шараның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төгіп, қиындықтарды бірге еңсерген барлық отандастарымыздың ерен еңбегін жастарға үлгі тұтып насихаттау.



 

Вернуться назад