DataLife Engine > Жаңалықтар > «Мәңгілікпен үндескен» атты еске алу шарасы

«Мәңгілікпен үндескен» атты еске алу шарасы


24-03-2021, 17:59
Автор: akbota

     Сыр өңірі өнер мен мәдениеттің небір ғажайып туындыларын дүниеге әкелген тума таланттарға кенде болмаған, солардың бірі де бірегейі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Әскербек Рахымбекұлының шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында – 24 наурыз күні «Мәңгілікпен үндескен» атты еске алу шарасы ұйымдастырылды.

   Шараға ақын Толыбай Абылаев қатысып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы кеңінен әңгіме қозғады. Ақынның шығармашылығына арналған «Сұлу сөздің сарасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында кітапхана жанынан құрылған «Жауқазын-ғұмыр» шығармашылық клубының мүшесі Бөкенбай Құрмет ақын атасының өлеңін жатқа оқып берді.



 

Вернуться назад