DataLife Engine > Жаңалықтар > «Сезім серуен» атты жыр жинағының тұсаукесері

«Сезім серуен» атты жыр жинағының тұсаукесері


10-03-2021, 18:20
Автор: akbota

    Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ғазиза Әбілданың «Сезім серуен» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті. Іс-шараға өңірімізге белгілі қаламгерлер қатысты. Тұсаукесер жиынын облыстық кітапхана басшысы Нұрлыбек Мыңжас жүргізді.

  Жинақтың тұсаукесер рәсімін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қатира Жәленова мен ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Толыбай Абылаев жасады. Іс-шара соңында қаламгерлер, жастар ақын өлеңдерін оқып, облыстық филармония әншілері ақын сөзіне жазылған әндерді орындады.




 

Вернуться назад