DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жыр дариясы» атты онлайн поэзия кеші

«Жыр дариясы» атты онлайн поэзия кеші


4-02-2022, 10:43
Автор: akbota

   4 ақпан күні Сыр бойының аяулы азаматы, әдебиет танушы, филолог, зерттеуші, профессор, ақын Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Тәжібаев оқулары» апталығы аясында ұйымдастырылған «Жыр дариясы» атты поэзия кеші онлайн форматында өткізілді.

  Кеште «Жауқазын-ғұмыр» шығармашылық клубының мүшелері жастар ақынның «Сырдария», «Ақындық», «Көкшеде»  өлеңдерін нақышына келтіре орындады. Кеш соңында шараға белсене қатысқан жастарға алғыс хат табыс етілді және оқырмандар ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Ұлттық поэзия бәйтерегі» атты кітап көрмесін тамашалады.




 

 

Вернуться назад