DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жаңа кітаптар жаңалығы»

«Жаңа кітаптар жаңалығы»


20-04-2022, 12:27
Автор: akbota

   20-сәуір күні кітапханада жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында «Жаңа кітаптар жаңалығы» тақырыбында жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.

   Көрмеге Өмір Кәріпұлының  «Белес», Бодалхан  Тоханның  «Қазақ тіліндегі көне сирек қолданыстағы сөздер сөздігі»,  Қуаныш Жиенбайдың «Бөгет бұзылған күн», Бекежан Тілегеновтың «Көптомдық шығармалар жинағы», үш тілді  Макс Х.Кучинскидің «Дала мен адам», кітабы, Анке Штеллингтің  «Овечки в тепле», Рэй Ольденбургтің «Третье место», Михаил Литвактың «45 важных мыслей: технологии любви и успеха», «Тағылым», «Парасат биігі», «Әлем театрының тарихы» және  т.б. көптеген кітаптар, танымдық әдебиеттер мен оқулықтар қойылды.  

  Көрме барысында жаңа кітаптарға библиографиялық шолу жасалынып, оқырмандар жаңа кітаптармен жақынырық танысуға мүкіндік алды.





 

Вернуться назад