DataLife Engine > Жаңалықтар > «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті»

«Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті»


25-04-2022, 16:03
Автор: akbota

   25 сәуір күні  кітапханада «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» тақырыбында кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: оқырмандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау туралы әдебиеттермен, ҚР-ның құқықтық құжаттарымен таныстырып, ақпарат беру, қоғам мен ел алдындағы жауапкершілік сезімін және өмірлік көзқарасын қалыптастыру.  Оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлық ел экономикасының кез-келген дамуына үлкен қатер тудыратындығы түсіндірілді. Көрмеге «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ҚР Заңы», Ернар Естеусіновтің «Экономикалық қылмыстардың алдын алу», Есберген Алаухановтың «Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика», Асылбек Смағұловтың «Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары» және мерзімді басылымдар қойылды.




 

Вернуться назад