DataLife Engine > Жаңалықтар > Қазақстан – достықтың берік тұғыры атты кітап көрмесі

Қазақстан – достықтың берік тұғыры атты кітап көрмесі


29-04-2022, 17:38
Автор: akbota

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 29 сәуір күні Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай «Қазақстан – достықтың берік тұғыры» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты Қазақстан халқының бірлігі, ынтымағы туралы әдебиеттермен таныстыру, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Көрмеге көп ұлтты Қазақстан халқының бейбіт өмірін сомдайтын, тарихын қамтитын, бірлігін бейнелейтін Дархан Қыдыралиевтың «Жерұйық», «Алматыкітап» баспасынан шыққан «Менің отаным – Қазақстан» сериясы, «Қазақстан – қарашаңырағым», «Мәңгілік Ел – Қазақстан», «Народ Казахстана», «Ассамблея народа Казахстана в истории страны», «Единство в многообразии» кітаптары және мерзімді басылым беттеріне жарық көрген мақалалар қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

          



 

Вернуться назад