DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ертегілер елінде» ертегілер шеруі

«Ертегілер елінде» ертегілер шеруі


4-05-2022, 17:42
Автор: akbota

   4 мамыр күні  бүлдіршіндердің  кітапқа деген қызығушылығын арттыру және ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, еңбексүйгіштік касиеттерге тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында кітапханада «Ертегілер елінде»  атты ертегілер  шеруі өткізілді.

   Шараға  қаламыздағы С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ-мектеп-лицейінің, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп гимназиясының, №267 орта мектебінің, оқушылары мен «Жайна Құлыншақ» балабақшасының мектеп алды тобының бүлдіршіндері қатысты. Қатысушылар әлем және қазақ ертегілерінің желісі бойынша «Үйшік», «Мақта қыз бен мысық»,  «Қарлығаштың құйырығы неге  айыр?»  қойылымын сахналады, ән шырқады. Сиқырға толы ғажайып ертегі  балаларға көңіл күй сыйлады, ондағы бай фантазия балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан құбылыстарын тануға әсерін тигізді.





 

Вернуться назад