DataLife Engine > Жаңалықтар > Халықаралық «Айтыскерлер мен жыршы – термешілер одағының» мүшесі, жас ақын Ержеңіс Әбдиевпен кездесу кеші

Халықаралық «Айтыскерлер мен жыршы – термешілер одағының» мүшесі, жас ақын Ержеңіс Әбдиевпен кездесу кеші


13-05-2022, 10:20
Автор: akbota

   12 маусым  күні  «Bookdating» жобасы аясында облыстық кітапханада «Балаларға балдай жыр»  атты Халықаралық «Айтыскерлер мен жыршы – термешілер одағының» мүшесі, жас ақын Ержеңіс Әбдиевпен  кездесу кеші өткізілді. Шараның мақсаты ақынның туындыларын өскелең ұрпақтың жүрегіне дарыту,   поэзияға деген құштарлықты ояту. 

   Шараға Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің, Ә. Мүсілімов атындағы № 101 мектеп-лицейінің, №282 мектеп-лицейінің оқушылары   қатысты. Шараға қатысқан балалар ақынның өмір жолымен, шығармаларына тоқталып, есептерге ерекше қызығушылық танытатын  өлеңдерін жатқа оқыды. Шара барысында ақын Ержеңіс Әбдиев өзінің сүйікті шығармаларымен бөлісіп, жастарға кітап оқуға кеңес берді.





 

Вернуться назад