DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ар мен ақиқат сыншысы» атты шығармашылық кеш

«Ар мен ақиқат сыншысы» атты шығармашылық кеш


27-05-2022, 11:59
Автор: akbota

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  27 мамыр күні қазақтың белгілі сыншысы, журналист Бақыт Сарбалаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Ар мен ақиқат сыншысы» тақырыбында шығармашылық кеш ұйымдастырды.

   Шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиетінде өзіндік орны, айқын қолтаңбасы бар қаламгер туралы құнды ой-пікірлер айтылды. «Ақиқат алдында», «Өткірдің жүзі», «Бес мүшел», «Қызыл алма», «Түркістан – Ер Түріктің бесігі ғой», «Көккесене» кітаптары және мерзімді басылым беттеріндегі публицистикалық, әдеби сын-мақалалар, сұхбаттар мен очерктерінен кітап көрмесі оқырманға қауымға таныстырылды.



 

Вернуться назад