DataLife Engine > Жаңалықтар > «Менің қолымнан бәріде келеді» атты кездесу кеші

«Менің қолымнан бәріде келеді» атты кездесу кеші


14-06-2022, 12:43
Автор: akbota

    14 маусым күні облыстық кітапханада ерік-жігері мықты,өмірдің небір кедергілеріне қарамастан,өмір сүруге деген құштарлығымен бойында батырлық қасиеттерін оятқан мүмкіндігі шектеулі азаматтармен «Менің қолымнан бәріде келеді» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

  Мақсаты: Оқырман бойында «қайырымдылық», «мейірімділік» «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін  кеңейту, қамқорлық жасауға жетелеу. Мүмкіндігі шектеулі жандардың  қайсарлығын насихаттап, сол адамдардың өмірі арқылы  төзімділік, жігер, шыдамдылық қасиеттерін дамыту.

   Айтулы шараға   арба биінен Қазақстан Чемпионатының алтын жүлдегері Смағұлова Роза, биші Айтпенбетова Айша, кәсіпкер, тігінші Әбілдаева Анаргүл қатысты.



Вернуться назад