DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы» атты әдеби кеш

«Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы» атты әдеби кеш


29-06-2022, 17:29
Автор: akbota

  29 маусым күні кітапхана   Алаштың арысы, ұлтымыздың рухани көсемі А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты - оқырмандарға аудармашы, ағартушы, көрнекті ақын   А.Байтұрсыновтың өмірі туралы ақпарат беру, шығармашылығын насихаттау. Шараға №257 орта мектептің мұғалімдері Көпберген Нұргүл, Асанбаева Ғалия, Қызылорда «Ұлағат» және И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің студенттері қатысты. Қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдерін жатқа оқыды. Кеш барысында «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

                                                                                                       


Вернуться назад